Алматыда толассыз жауған қарды 460 техника күреп жүр
Алматыда түні бойы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:11 11.01.2023
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметкерлер арнайы техниканың көмегімен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеді.
Осы уақытта қала бойынша қар тазалаушы машиналардың 18 колоннасы қозғалды. Нәтижесінде 1260 текше метр қар шығарылды.
Қазіргі уақытта қоғамдық орындарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті және жерасты өткелдерін тазарту жұмысы жалғасып жатыр.
Түнде қала көшелерінде барлығы 360 адам және 460 арнайы техника, оның ішінде 204 сыпыру-жинау машинасы жұмыс істеді.
Қар толассыз жауып тұр. Қалада 15 см қар жауды, таулы жерлерде - 20-25 см.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!