{metadescription}

Үкімет басшысы McDonald's-тың кетуіне қатысты пікір білдірді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов McDonald's компаниясының Қазақстанда жұмысын тоқтатуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде ірі халықаралық брендтердің болғаны жақсы. McDonald's-тың Қазақстаннан кетуі елдегі инвестициялық ахуал немесе басқа да жағдайлармен байланысты емес. Бұл тікелей McDonald's компаниясының Ресейден кетуімен байланысты. Аталған өнім шикізаты Ресей арқылы қамтамасыз етіліп келді. Тағы бір себеп - McDonald's-дың өнімдерге қоятын жоғары талаптары. Өніммен қамту үшін жеткізушінің бірқатар сертификаты болуы керек. Бұл жерде өнімнің сапасы да маңызды. Компания талаптарын орындау үшін ауқымды инвестиция керек. Қазақстанның нарығы шектеулі, сондықтан мұндай ауқымды инвестиция қысқа мерзімде қайтарылмайды», - деді Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Премьер-Министрдің мәлімдеуінше, ендігі мақсат - еліміздегі McDonald's жұмысшыларының орнын сақтап қалу.

«Ол үшін халықаралық брендті қолданбай, жұмыс істеуді жалғастыру қажет. Сондай-ақ, жаңа компания шикізат мәселесін қазақстандық жеткізушілермен бірлесіп алдын ала шешеді деп ойлаймын. Бұл компанияның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді», - дейді ол.

Еске салсақ, 5 қаңтарда McDonald's еліміздегі қызметін ресми тоқтатқан еді.

«Оған себеп - ет жеткізудегі шектеулер. Жақын арада жаңа атаумен жылдам тамақтану мейрамханалары қайта ашылады. Ашылу мерзімі қосымша жарияланады», - деп хабарлады McDonald's Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде