{metadescription}

Алматылық онкологтар онкологиялық ауруларды анықтайтын тегін скринингтен өтуге шақырады

Алматы онкологиялық орталығының бас дәрігері Нұрсұлтан Избагамбетовтың айтуынша, қатерлі ісік дертін ерте анықтау тиімді емдеуге, жақсы нәтижеге жетуге, атап айтқанда, 5 жылдан астам ұзақ мерзімді ремиссияға қол жеткізуге және толық емделуге мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта сүт безі обыры, жатыр мойны обырының барлық кезеңдегі анықталуын алатын болсақ, бес жылдық өмір сүру деңгейі 70% және одан да көпті құрайды. Ерте кезеңде анықталған болса, бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді. Түрлі локализацияларда 5 жылдық өмір сүру пайызы да әр түрлі, бірақ ауру неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым жақсы емделетіні анық», - деп баса айтады онколог.

Нұрсұлтан Избагамбетов бүгінде Алматыда скринингтік зертеулердің компьютерлік томография (КТ), магнитті-резонанстық томография (МРТ), позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ), эндоскопиялық зерттеу, генетикалық тестілеу және басқа әдістерінен бастап онкологиялық ауруларды диагностикалаудың барлық заманауи әдістері қолданылады.

«Қазақстанда скринингтік тексерулер мемлекеттік бағдарлама болып табылады. Бағдарлама сүт безі обырын, жатыр мойны обырын, тоқ ішек пен тік ішек обырын ерте анықтау үшін онкологиялық скринингті қарастырады, өйткені бұл қатерлі ісіктердің жиілігі жоғары. Скрининг тіркелген жер бойынша емханада тегін жүргізіледі», - дейді Нұрсұлтан Избагамбетов.

Алматы қаласы №11 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Айнаш Тілеубекқызы:

«Жыл соңында учаскелік емхана желісі скринингтік тексеруден өтетін контингенттің тізімін қалыптастырады. Жаңа жылдан бастап учаскелік медбикелер медициналық ақпараттық бағдарлама арқылы жас ерекшелігіне қарай скринингтен өтуі қажет адамдарды скринингке шақырады. Сондай-ақ емханада дәрігерге дейінгі және тексеру кабинеті бар, онда барлық науқастар жыл басында одан өтеді. Мұнда медбике науқастың жасына сәйкес скрининг туралы хабарлайды. Егер пациент келіссе, скрининг сол бөлмеде жүргізіледі. Өкінішке қарай, барлық пациенттер скринингке келісе бермейді. Мұндай жағдайда медицина қызметкерлері бұл процедурадан өтудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Біз қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтау жақсы емделетінін, ал кейбір жағдайларда толығымен емделетінін айтамыз», - деп бөлісті.

Қатерлі ісік ерте кезеңде еш белгісіз өтеді, сондықтан адам өзін толық сау сезінсе де, белгілі бір жас аралығында скринингтен өтуі қажет.

Нұрсұлтан Избагамбетов түйіндегендей, егер ауру ерте сатысында анықталса, емдеу көлемі азаяды, тиісінше хирургиялық араласу, химиотерапия және т.б. азаяды және емделуші емді жеңілірек қабылдайды, оның үстіне ерте кезеңде ағзаның қалпына келу ресурстары әлдеқайда көп болады.

Тиімділігі дәлелденген қатерлі ісік скрининг әдістерін еске түсірейік: 

40-70 жастағы әйелдерде сүт безі обырының маммографиялық скринингі, 2 жылда бір рет; 

30-70 жас аралығындағы әйелдерде ісік алды және жатыр мойны обырына цитологиялық скрининг жүргізу 4 жылда бір рет; 

50-70 жас аралығында, жасырын қан анализі, колоноскопия арқылы тоқ ішек және тік ішектің қатерлі ісігіне және ісік алды ауруларына скрининг 2 жылда 1 рет жасалады.

Есіңізде болсын! Ерте диагноз өміріңізді сақтап қала алады!
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде