Өрт салдарынан 17 адам құтқарылып, эвакуацияланды
11 қаңтарда Қарағанды қаласындағы көшелердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Көп қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде 3 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: gov.kz
13:15 12.01.2023
ТЖД күштері өртті сәтті жойып, жанып жатқан пәтерден 1965 жылы туған 2 ер адамды құтқарды және жедел медициналық көмек бригадасына тапсырды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің себебі - ашық от көзі.
«Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Рудный қаласында 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде кенеттен өрт пайда болды. Мұның бәрі бірінші қабаттағы пәтерден басталды, онда 13 шаршы метр алаңда жиһаз бен үй заттары өртене бастады.
Бес минуттан кейін өрт сөндіруші-құтқарушылар осы жерге келіп, 15 адам, оның ішінде 4 баланы көрші пәтерлер арқылы баспалдақпен шұғыл эвакуациялады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Өрт күштер мен құралдардың қатысуымен сәтті жойылған, жеке құрамның 10 адамы және техникасы жұмылдырылды.
ТЖМ өрттің алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынады:
- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз!
- электр сымдары мен аспаптардың жарамдылығын бақылаңыз!
- бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз!
- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз және отпен ойнауына жол бермеңіз!
- тек жұмыс істейтін пештерді, газ және электр құрылғыларын пайдаланыңыз!
- психикалық ауытқушылықтары бар, алкоголизмнен зардап шегетін және есірткі пайдаланатын адамдарға ерекше назар аударыңыз!
Оқиғалар мен төтенше жағдайлардың кез келген алғышарттары мен фактілері туралы 112 немесе 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!