{metadescription}
Министрлік шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру тәртібін жариялады

Министрлік шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру тәртібін жариялады

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифнгте Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелдік көліктерді заңдастыру тәртібі туралы айтып берді.

Оның айтуынша, азаматтар заңдастыру туралы өтінішті egov.kz порталы арқылы немесе арнайы ХҚКО-ларға барып бере алады. Орталықтарда көліктерді тіркеуге ниетті көлік иелерінен ғана құжат қабылдайтын арнайы секторлар ұйымдастырылады.

Арнайы ХҚКО-ларға барған көлік иелерінен талап етілетін 4 құжат:

- заңдастыру туралы өтініш;

- өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

- көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік;

- көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Қайсар Сұлтанбаевтың мәліметінше, өтініш пен құжаттарды тапсырған соң сәйкестендіру нөмірлерін тексеру мақсатында көлік арнайы халыққа қызмет көрсету орталығындағы тексеру пунктіне тапсырылады. Бұл жұмысты ішкі істер органдарының сарапшы-криминалисті жүргізеді.

Тиісті процедрулар аяқталғаннан кейін 2 күн ішінде жауапты орган автокөлікті заңдастыруға болатыны немесе рұқсат етілмейтіні туралы шешім қабылдайды. Яғни, бұл аралықта қызметкерлер көлікті ҰҚК-ның Шекара қызметі, мемлекеттік кірістер органдары және Интерполдың базалары арқылы тексереді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

17 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде