{metadescription}

Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулық кінәсін мойындады

Атырауда қаңтар оқиғасына қатысқан 27 адамның ісі қаралып жатыр.

Соттың кезекті отырысында 27 сотталушы айыптау актісімен танысты. Айыпталушылар айыптау актісінің мазмұнымен толықтай келісіп, кінәсін мойындаған.

Сол себептен, ұсынылған дәлелдемелерді дауламайтынын, процессуалдық келісім жасауды сұраған.

Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар оқиғасына қатысқан күдіктілер ісіне байланысты сот отырысы 19 қыркүйекте басталған.

«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаңтар оқиғасына байланысты екі іс қаралып жатыр. Оның бірі – 27 адамға қатысты іс. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1,4,8-тармақтары, 380-1-бабының 2-бөлігі, 6-тармағы, 291-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 287-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 4,8-тармақтары, 188-бабының 1-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы, 287-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы, 200-бабының 2-бөлігі 1-тармағы, 200-бабының 4-бөлігі, 384-бабының 3-бөлігі, 272-бабының 2,3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған», -деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Ал, екінші іс бойынша бір адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен, 380-бабының 1-бөлігімен айып тағылған.

Сот отырысында 110 куәгер мен 115 зардап шегушіден жауап алынған. Олардың басым бөлігі – полицейлер мен әскери қызметкерлер.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде