{metadescription}

СҚО-да балық аулауға кеткен жігіттің денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында іздеу жарияланған Болат Ақиевтің денесі табылды. 

Болат Ақиевтің 6 қаңтар күні Шал ақын ауданы Ступинка елді мекенінің маңындағы көлге балық аулауға кетіп, содан үйіне қайтып оралмаған.

31 жастағы жігіт Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимка тұрғыны болып шықты. Волонтерлер әлеуметтік желіде жоғалған ер адам жайында ақпарат пен фотосын жариялады. Алайда ол жайында көрген-білгендер болмады.

Болат Ақиевті іздеуге еріктілер, полицейлер жұмылдырылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 13 маман, 3 техника үш күн бойы жоғалған адамды іздеді.

Нәтижесінде 11 қаңтар күні Болаттың денесі сол маңнан түс ауа табылды.

Шал ақын ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, жігіттің мүрдесі ауылдан 3 км, көлден 4-5 шақырымдай қашықтықта қар үстінде жатқан жерінен табылған.

Сол күні онымен бірге Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның тағы екі тұрғыны болған.

Алайда кешкі сағат 23.00 шамасында Болат Ақиев белгісіз бағытта кетіп қалған. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде