{metadescription}

Ең төменгі жалақы мөлшерін жыл сайын индексациялау ұсынылды

Ең төменгі жалақы мөлшерін жыл сайын индексациялау қажет.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.

«Жұмыс істейтін халықтың табысын арттыру бағытында да жүйелі шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, азаматтық қызметшілердің жалақысын кезең-кезеңмен арттыру жалғасуда. Өткен жылдың басынан бері білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саладағы және басқа да 1,2 млн қызметкердің жалақылары көтерілді. Сонымен қатар, 2022-ші жылы ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге дейін және осы жылдың басынан бастап 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Биыл тиісті әдістеме дайындалады. Біз оны жыл сайын индексациялап отыруымыз керек. Бұл 1,6 миллион жұмыскердің табысына оң әсерін берді», - деді Үкімет басшысы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Сондай-ақ ол халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша кешенді шаралар іске асырылуда.

«Өткен жылы Ұлттық жобалар мен жеке бастамалар аясында 980 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды және осы жұмысты ары қарай жалғастыруымыз қажет. Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру және дамыту үшін Әлеуметтік кодекс жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Бұл аса маңызды құжат қазақстандықтардың базалық әлеуметтік құқықтарын белгілейді, өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді», - деді Әлихан Смайылов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде