Абай облысында екі адам пештен шыққан түтінге уланып қалды
11 қаңтар таңғы сағат 8-де Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің арнайы желісіне жедел медициналық жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен екі адам түтінге ұланып қалғаны жөнінде ақпарат түскен.
17:43 12.01.2023
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше,1961 жылы туған ер адам және 1967 жылы туған әйел түтінге уланып қалған.
Төтеншеліктердің хабарлауынша, оқыс жағдайға жылыту пешінің мұржасындағы ақау себеп болған.
"Олар Семей қаласының "Бүйрек орталығының мекемесі" токсикология бөліміне жатқызылды. Абай облысының ТЖД құтқарушыларының көмегіне мұқтаж болмады", - деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Түтінге уланған ер мен әйелдің жағдайын дәрігерлер "орташа ауыр" деп бағалады.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!