{metadescription}

Парламент Елбасы туралы заңның күшін жоюды мақұлдады

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң қабылданды.

Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттар баяндама жасап, заң жобасын талқылады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы ҚР конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы ҚР конституциялық заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 

Сенаттан қатысып отырған 44 депутаттың барлығы жақтады. Мәжілістен қатысып отырған 93 депутаттың бәрі заң жобасын мақұлдады.

11 қаңтар күні Мәжіліс төрағасы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Отырыста «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң жобасы екі оқылымда қаралды.

Былтыр жыл аяғында Мәжіліс төрағасы Е. Қошанов аталған заңның күшін жою мәселесі Парламентте 2023 жылдың басында қаралатынын айтқан еді.

«Сол заңда көрсетілген артықшылықтардың барлығы күшін жояды. Бірінші президентке де, болашақ президенттерге де экс-президентке қатысты нормалар бірдей қолданылады. Егер заң күшін жоса, онда қарастырылған иммунитеттің заңды күші болмайды», - деді Мәжіліс спикері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.