Құзырлы органдар экс-президенттің мүлкі заңсыз келген деп таныса шара қолдана алады
Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11:47 13.01.2023
«Елбасы туралы Конституциялық заң күшін жойғаннан кейін Назарбаев қоры мен мүліктеріне қатысты шаралар қабылдана ма?» деп сұрады журналистер.
Министрдің сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың ендігі мәртебесі экс-президент болатындықтан ол Президент туралы заңмен қорғалады.
Бірақ аталған заңда экс-президенттердің мүлкіне қол сұқпау кепілдігі жоқ.
«Президент туралы конституциялық заңда экс-президенттер үшін ондай кепілдіктер көзделмеген. Егер құқық қорғау органдары мүлік заңсыз рәсімделген деп мойындаса, заңдық шаралар қаралады», - деді Азамат Есқараев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!