Банкорттық рәсімдеген азаматтарға 3 жыл қаржылық мониторинг жүргізіледі
Банкрот деп танылған азаматтарға 3 жыл бойы қаржылық мониторинг жүргізіледі. Елорда тұрғындарына «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» жаңа заң түсіндірілген семинарда Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: 19rus.ru сайтынан алынды
14:02 13.01.2023
«Банкрот деп танылған жеке тұлғаларға мемлекеттік кірістер департаменті 3 жыл бойы қаржылық мониторинг, яғни бақылау жүргізеді. Егер осы банкроттық процесі әдейі жасалатын болса, азаматтар жаупкершілікке тартылады. Мұны барлығы түсінуі керек. Банкроттық дүниежүзілік тәжірибе бойынша соңғы қадам болып саналады. Бұл - азаматтың қаражаты, мүлкі жоқ болып амал-шарасы қалмағанда ғана қолданылатын шара», - деп түсіндірді Ержан Біржанов.
Сонымен қатар, Астана қаласының тұрғындарымен кездесіп, заңды түсіндірген вице-министр азаматтарды банкрот деп тану – қарызды кешіру акциясы емес екендігін баса айтты. Себебі мұның заңмен реттелетін салдары бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!