Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
15:03 13.01.2023
Ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын кеңейтеді. Сондықтан негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктерінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.
Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 9-19-дан 5-17-ге дейін аздап жоғарылайды.
Ауа температурасының негізгі фоны: түнде солтүстік-батыста 13-28 аяз, солтүстікте 10-23 аяз, орталықта 17-28 аяз, шығыста 18-32 аяз, ауа температурасы түнде оңтүстікте 15-25 аяздан 13-21 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 20-38 аяздан 15-26 аязға дейін жоғарылайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!