{metadescription}

Қар көшу қаупіне байланысты ШҚО-да тасжолдар жабылып отырады

Шығыс Қазақстан облысында таулы аймақта қар көшу қаупі бар, сондықтан тасжолдар түнгі уақытта жабылып отырады.

«Қар көшкіні жүруіне әсер ететін бірнеше фактор бар. Атап айтқанда, жауған қар мөлшері, беткі қабатының тығыздығы, ауа температурасы, желдің бағыты мен жылдамдығы. Өңірдің таулы жерлерінде көшкін жүру қаупі әлі сақталып отыр. Соған орай, түнде қар көп жиналатын тау бойындағы тасжолдар мезгіл-мезгіл жабылып отырады», - деп атап өтті «Қазселденқорғау» ШҚО филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен-Самар», «Өскемен-Алтай» тасжолдарында қар көшкінінің алдын алу шарасы жүргізілді. Құтқарушылар мен «Қазселденқорғау» ШҚО филиалының мамандары 8 жарылыс жасап, 23 750 текше метр қар түсірілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде