Алматыда барахолка жанындағы қоймадан өрт шықты
Алматының Жетісу ауданында Москвина көшесінің бойында тауарлар сақталған қойма өртенді.
Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
12:34 15.01.2023
Әлеуметтік желіде өрт болған нысанның видеосы тарап жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінен хабарланғандай, күштер мен құралдар Жетісу ауданы, көш. Москвина, 7 мекенжайын жөнелтілді.
«Қойма өртеніп жатыр, оқиға орнына штабтың жасағы жұмылдырылды, екі өрт сөндіру тобы құрылды, көрші қоймаларды сөндіру және қорғау үшін оқпандар енгізілді», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қоймалардан тауарлық-материалдық заттарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!