АПЛ: Лондонның «Арсеналы» өз тарихында алғаш рет 18 матчта көп ұпай жинады
Лондонның «Арсенал» клубы ағылшын премьер-лигасында (АПЛ) өз тарихында алғаш рет 18 матчта ең көп ұпай жинады.
Фото: CATHERINE IVILL/GETTY IMAGES
12:13 16.01.2023
Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұл туралы Opta Sport статистикалық порталы мәлім етті.
«Арсенал» 20-турда лондондық дербиде сырт алаңда басты қарсыластарының бірі – «Тоттенхэмді» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Бірінші таймда-ақ 14-минутта қақпашы Уго Льорис өз қақпасына гол енгізіп алса, 36-минутта Мартин Эдегор есепті еселей түсті.
Осы турдан кейін Микель Артетаның шәкірттері 47 ұпай жинады. Сөйтіп екінші орындағы «Манчестер Ситиден» 8 ұпайға ұзап кетті.
Биыл чемпион атануды мақсат еткен «Арсенал» келесі турда 22 қаңтарда тағы бір басты қарсыласы – «Манчестер Юнайтед» клубын қабылдайды. «Манчестар Юнайтед» 38 ұпаймен үздік төрттікті түйіндеп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барселонаның» Испанияның суперкубогін жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!