{metadescription}

AIX басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

AIX басқармасы төрағасының міндетін атқарушы болып Әсел Мұқажанова тағайындалды.

Астана халықаралық қаржы орталығының ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Әсел Мұқажанова AIX биржасында 2017 жылдан бастап эмитенттермен байланыс жөніндегі менеджер, ал 2022 жылғы қазан айынан бастап AIX-те нарықтарды және өнімдерді дамыту жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеді. Қазіргі тағайындауға дейін бөлшек сауда инвесторлары қорын дамыту, тау-кен секторы, эмитенттермен жұмыс, «Белдеу және жол» сегменті, сондай-ақ жаңа өнімдерді дамыту бағыттарына жетекшілік етті.

Қазақ басқару академиясын бітіріп, Лондон және Гарвард бизнес-мектептерінде басшыларға арналған дәрістен өткен ол еңбек жолын «Тұран» банкінің валюталық операциялар бөлімшесінде бастаған. Қаржы және банк қызметтері саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде