{metadescription}

Ушығатындай мәселе жоқ - министрлік армян көліктерін тіркеуге қатысты

Елімізде Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу және оларды аталған елден шығару мәселесі қалай шешіліп жатыр.

Толығырақ Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтып берді.

«Елге әкелінген армян көліктеріне қатысты бірқатар сұрақ туындап жатыр. Соңғы 2-3 жыл ішінде аталған елдің біраз көлігі уақытша тіркелді. Армян автокөліктерін заңдастыру қаралып, мәселе толығымен шешіледі. Арменияның Ішкі істер министрлігімен көліктерді тіркеуден шығару бойынша бірлескен іс-шара өткізілуде. Сырттан бөлшектеніп жеткізіліп, елде құрастырылған көліктерге қатысты мәселе де қарастырылып жатыр. Бастысы көлік иесі тиісті құжаттарды өткізсе болғаны. Ушығатындай мәселе жоқ», - деді Қайсар Сұлтанбаев министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде