Алматы облысында екі бала өз-өзіне қол жұмсады
Алматы облысында қаңтар айында орын алған кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсауының екі фактісі тексерілуде.
Фото: 1obl.ru
16:02 16.01.2023
12 қаңтарда Қарасай аудандық ІІБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан 2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен. Тағы бір жағдайда 16 жастағы жасөспірім өз үйінде асылып көз жұмған, ол 6 қаңтарда табылды.
«Екі факті де ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша Қарасай ауданы бойынша ҚАЖД-де тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, МКҚК тағайындалды», - деп хабарлады Алматы облысының ДПБ.
Полиция тергеу құпиясын алға тартып, басқа ақпарат бермеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!