ҚР СІМ құлдықта жүрген қазақстандықтар туралы мәліметтерді анықтауда
ҚР Сыртқы істер министрі БАҚ өкілдеріне Тайланд пен Мьянма елдерінде құлдыққа тап болғаны туралы мәлімдеген қазақстандықтардың жағдайы туралы мәлімет берді.
Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов
17:15 16.01.2023
«Ол азаматтар бойынша қазір жұмысты жалғастырудамыз. Тайлан, Мьянма елдерінің Сыртқы істер министрліктерімен байланыста. Өздеріңіз білетіндей, бұл – халықаралық-криминалдық топтардың ісі. «Бұл «алтын үшбұрыш» деп аталатын жер. Ол жерде билік те жоқ, байланыс та жоқ.», - деді СІМ ресми өкілі.
Айбек Смадиярдың айтуына қарағанда, әзірге екі азаматтан ғана ресми өтініш түскен.
«Қазірдің біздің азаматтар сол жерде. Екі азамат бізге өтініш білдірді. Тексерілмеген ақпараттар бойынша тағы басқа азаматтар бар деп естіп жатырмыз. Оларға айтарымыз, бізді естіп жатса, сіздерді оқып жатса, аты-жөндерін нақты атап, өздері туралы мәлімет берсін, қорықпасын», - деді министрлік өкілі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!