{metadescription}

Қазақстанда 18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы тоқтатылады

Қазақстанда 18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды "Қазтелерадио" баспасөз қызметі.

"18 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутник, цифрлық және аналогты эфир желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында Қазақстанның барлық аумағында теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұндай жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі.

"Тоқсандық жоспарлы-профилактика жұмыстары сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар сапалы теле-радио хабарын тарату үшін қажет", - деді "Қазтелерадио" баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде