{metadescription}

Ақмола облысында шахтадан екі адамның денесі табылды

Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі пайдаланылмайтын шахтадан үйінді астынан заңсыз жұмыс істеген екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтарда Степногорск қаласының полициясына "Центральная" шахтасы кенішінің диспетчерінен 520-аумақта кен үйінділері астынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Осы іске қатысты материалдарды жинау барысында қаза тапқандардың жеке басы анықталған. Олардың бірі - 1986 жылы туған Бестөбе ауылының тұрғыны. Ол бірнеше жыл бұрын шахтада жұмыс істеген. Екінші қайтыс болған адам - Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны. Куәгердің, сондай-ақ, заңсыз жұмыс істеген адамның айтуынша, олардың денелері үйілген кен астынан табылған. Ал содан кейін басқалардың көмегімен жер бетіне шығарылған.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы, 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.