Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Қуаныш Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды әкімдік.
Фото: Шымкент қ. әкімдігінің баспасөз қызметі
11:08 17.01.2023
Тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
Қуаныш Жұмабекұлы Асылов 1973 жылы 14 наурызда Алматы қаласында туған.
Құқықтану ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және саясаттану ғылымдарының магистрі Вашингтон Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі, АҚШ
1995-2002 жылдары – Бизнес саласындағы басшылық лауазымдар.
2002-2006 жылдары – Мемлекеттік органдарда қызмет атқарған.
2006-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында ресми іс-шаралары және сыртқы байланыстар секторының меңгерушісі.
2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры.
2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы.
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыстар және тілдер саясаты комитетінің төрағасы.
2017-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі қоғамдық-саясат секторының меңгерушісі.
2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі аналитика орталығы меңгерушісінің бірінші орынбасары.
2019-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице- президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!