Семейде полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, туыстарына тапсырды
Семейде полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, туыстарына тапсырды.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
21:42 17.01.2023
17 қаңтарда 102 жедел арнасына 39 жастағы жергілікті тұрғынның 13 жасар ұлын іздесуге көмек сұраған қоңырауы келіп түседі.
Оның айтуынша, бала үйден сағат 07:40-та мектепке қарай шығып кеткен.
Дабыл сигналы бойынша Абай облысы полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы көтерілді.
Тәртіп сақшылары кез келген ақпаратқа ие болуы мүмкін таныстары мен куәгерлерінен жауап алып, іргелес аумақтарды мұқият зерттеді. Әр аумаққа бөлініп, әр аулаға тінту жүргізді.
Іздеу барысында полиция қызметкері Мичурин көшесінде жоғалып кеткен кәмелетке толмаған баланы тауып, баланы анасына тапсырды. Оның үйінен кету себебі анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!