Талдықорғандық өрт сөндірушілер жанып жатқан бөлмеден 4 баллонды алып шықты
Талдықорғандық өрт сөндірушілер жанып жатқан бөлмеден 4 баллонды алып шығып, жарылыстың алдын алды.
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
14:04 19.01.2023
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бүгін сағат 7:50-де Талдықорған қаласындағы «ISSMILE» фаст-фуд кафесінің 50 ш.м. болатын ас дайындау бөлмесінде өрт шықты.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-нің 24 қызметкері және 6 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 8:20-да ауздықталып, сағат 8:27-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Талдықорған қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Равиль Шарафутдинов, Әділ Қалиев және Алмас Сексенбаев өз өмірлерін қатерге тігіп, жанып жатқан бөлмеден 3 оттегі баллоны мен 1 газ баллонын (25 литрлік) шығарды. ТЖД қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында ауданы 300 шаршы метрден асатын ғимаратқа өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.
Өрттің алдын ала себебі – картоп қуыруға арналған құрылғыдағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!