Риддердегі жылу электр орталығында өртенген цех үш күнде қалпына келтіріледі
Риддер қаласындағы жылу электр орталығында өртенген цех үш күнде қалпына келтіріледі.
Фото: tets.kz
19:01 19.01.2023
ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Риддердегі жылу электр орталығында болған өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиға салдарынан жылу жүйесіндегі температура тағы төмендеді. Қазіргі уақытта осыған орай жедел штаб құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
«Өртенген цех үш күнде толық қалпына келтіріледі. Қазандық қондырғыларын көмірмен қамтамасыз ету мәселесі оларды мазутқа көшіру арқылы шешілді. ЖЭО-ның өз мазут қоры бар. Сонымен қатар Өскеменнен Риддерге 960 тонна мазут жөнелтілді. Бұл бес күнге жетеді», - делінген ақпаратта.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!