Өскеменде 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адам ұсталды
Өскемен қаласында 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:29 20.01.2023
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, зират тонаумен айналысқан 25 жастағы жігіт ұсталды.Тексеру барысында ер адамның көлігінен темір қоршаулардың сынықтары табылды.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, Ушановский зиратына жақын жерде «Хонда» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көліктен үш металл қоршау анықталып, күдіктіге қатысты тергеу амалдары қолға алынды», - делінген ақпаратта.
Алдын ала мәлімет бойынша қала тұрғынының зираттағы тағы сегіз ұрлыққа қатысы бар. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Бірқатар сараптама тағайындалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!