Таразда базар өртеніп, 4 адам құтқарылды
Тараз қаласында базар аумағында орналасқан ғимараттың шатыры өртенді.
Фото: t.me/qr_tjm
16:14 20.01.2023
«Бүгін, 20 қаңтарда сағат 13.22-де Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Өртке қарсы бөлімшелеріне «Ақсай» базарындағы жеке тұрған екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жамбыл облысы құтқарушыларының күшімен ғимараттың бірінші қабатынан 4 адам құтқарылды (зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр). Ғимаратта киім-кешек, ойыншықтар мен халық тұтынатын тауарлар сатылатын дүңгіршектер, екінші қабатта мата мен перде бутиктері орналасқан», - делінген мәліметте.
Өрт сағат 14.56-да өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртенген аумақтың көлемі нақтыланып, ол 1050 шаршы метрді құрады.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнында төтенше жағдайдың қайталанбауы үшін тиісті жұмысттар жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!