Алматыда «Медеу» табиғи саябағының басшылары пара алғаны үшін ұсталды
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Медеу» табиғи саябағының басшыларын кәсіпкерлік субъектісінен пара алғаны үшін ұстады.
Фото: ашық дереккөзден
18:45 20.01.2023
«Кәсіпкерлік субъектісінен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін пара алу фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі ҚазАқпарат жолдаған сауалға.
Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер жарияланбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!