{metadescription}
Таразда қараусыз қалған ғимараттан жасырын қару-жарақ орны табылды

Таразда қараусыз қалған ғимараттан жасырын қару-жарақ орны табылды

19 қаңтарда облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласындағы қараусыз тұрған жер телімдерінің біріндегі ғимараттан жасырын қару-жарақ орны табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Табылған орыннан қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментінен ұрланған 12-ші калибрлі Masai Mara тегіс ұңғылы бірауызды аңшы мылтығы, 18х45мм калибрлі Стражник МР-461 травматикалық тапаншасы, 4,5мм калибрлі Gamo PT-80 пневматикалық тапаншасы, 5,45х18мм калибрлі 179 дана оқ-дәрі алынды.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, жасау, беру, сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Жыл басынан бері жамбылдық полицейлер әртүрлі калибрлі 21 бірлік қару мен мыңнан астам оқ-дәрі тауып, тәркіледі», - делінген сайттағы материалда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.