{metadescription}
Жетісу облысында газ баллоны жарылып, 4 адам зардап шекті

Жетісу облысында газ баллоны жарылып, 4 адам зардап шекті

Оның екеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

66 және 42 жастағы әйелдердің денесінің 40-50 пайызын күйік шалған. Ал тағы 61 жастағы ер адаммен 3 жастағы баланың жағдайы орташа ауыр. Олардың қол-аяқтары күйген.

«20 қаңтарда сағат 13:36-да Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы жеке тұрғы үйдің бірінде көлемі 5 л. газ баллоны жарылды. Салдарынан қызыл жалын үйдің 100 шаршы метр аумағын шарпыды. Зардап шеккен төрт адам, оның ішінде бір бала ауруханаға жатқызылды. Жетісу облысы ТЖД 5 қызметкері және 2 техника күшімен өрт сағат 14.15-те сөндірілді», - делінген Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жарылыстың алдын-ала себебі - қатты отынмен жылытылатын пештің жанына 5 литрлік газ баллонын жылытуға қойған.

«ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және газ баллондарды жылыту пештерінің жанында және басқа да жылдам қыздыру тәсілдері арқылы жылытпауға шақырады», - делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде