{metadescription}
Ұлытауда 10 тонна дизель отынын ұрламақ болғандар ұсталды

Ұлытауда 10 тонна дизель отынын ұрламақ болғандар ұсталды

Ұлытау облысының полицейлері 10 тонна дизель отынын ұрлаудың жолын кесті.

Ұлытау облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында Сәтбаев қаласындағы жеке өнеркәсіп аумағында темір контейнерлер (бөшкелер) тиелген жүк көлігін ұстады.

Сонымен қатар полицейлер аталған кәсіпорынның екі қызметкерін және Сәтбаев қаласының екі тұрғынын ұстады. Аталған тұлғалар жанар-жағармай жеткізумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтіні анықталды.

Күдіктілер жүкті тасымалдау кезінде оның бір бөлігін ұрлап алып, жұмыстан соң арнайы контейнерлерге құйып, сатып жіберіп отырған.

Оқиға орнында полицейлер 35 металл бөшке мен екі цистерна тапты – олардың барлығына жалпы салмағы 10 тонна дизель отыны құйылған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 8 миллион теңгені құрады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың сыбайластарын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.