{metadescription}
Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулықтың ісіне қатысты сот үкімі шықты

Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулықтың ісіне қатысты сот үкімі шықты

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2,3-бөліктерімен, 188-бабының 1-бөлігімен, 191-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен, 200-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, 200-бабының 4-бөлігімен, 380-бабының 3-бөлігінің 1,4,8-тармақтарымен, 380-1-бабының 2-бөлігінің 6-тармағымен, 287-бабының 4-бөлігімен, 291-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен, 28-бабының 5-бөлігімен, 291-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (2022 жылғы 11 шілдедегі өзгеріске дейін) айыпталған 27 адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сотталушылардың бірі С. 2022 жылғы 4 қаңтарда WhatsApp қосымшасы арқылы Атырау тұрғындарын билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға, жаппай тәртіпсіздікке шақырған. Ал, Д. 2022 жылғы 4 қаңтарда полиция қызметкеріне күш қолданған. 2022 жылғы 5 қаңтарда облыс әкімдігі ғимаратының алдында сотталушылар А., А., Б., Д., К., М., Б., Ш., У., Г., Д., С., Б., Е., Ж., И., И. және Н. полицияның заңды талаптарына бағынбай, оларға қатысты күш қолданып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтіріп, күш қолданумен, қиратумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен ұласқан жаппай тәртіпсіздікке қатысқан. Сотталушылар Қ., С., Х., Б., Н., Т., Т. полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, күш қолданумен, қиратумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен ұласқан жаппай тәртіпсіздікке қатысқан. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, өздерінің мойындау жауаптарымен, оқиғаның барысы түсірілген бейнежазбалармен және сараптама қорытындыларымен дәлелденді», - деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметі.

Сот талқылауы барысында сотталушылардың іс-әрекеттері ауыр және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты қайта сараланған. Прокурор жаңа айыптау актісін ұсынған.

Сотталушылар іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді дауламайтын көрсетіп, кінәні мойындау туралы процестік келісім жасауды сұраған. Сот тергеуі барысында прокурордың, сотталушылар мен олардың қорғаушыларының қатысуымен, жәбірленушілердің келісімімен кінәні мойындау туралы процестік келісім жасақталған.

«26 сотталушының жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сотталушы И.-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабының 4-бөлігінің нормасын қолданумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, оның әрекетінде қылмыстың қайталануы танылды. Ал, 26 сотталушыға қатысты 2022 жылғы 2 қарашадағы «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы заңы қолданылды. Оның ішінде 2 сотталушы Рақымшылық заңына, 17 сотталушы жазасын өтеуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. 7 сотталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды. Барлық сотталушылар сот залынан босатылды», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде