Мемлекет басшысы жаңа сенаторларды тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат депутаттарын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Фото: akorda.kz
17:23 24.01.2023
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
Жақып Қажманұлы Асанов;
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;
Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;
Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Президенттің жеке Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенат депутаттары тағайындалды:
- Болгерт Евгений Андреевич;
- Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлы;
- Ниязова Нурия Исмагиловна;
- Сатвалдиев Әлішер Ғапыржанұлы;
- Шиповских Геннадий Геннадьевич.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!