Екібастұз маңында жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізушісі мерт болды
Екібастұз маңында пойыз апатынан жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды.
11:42 25.01.2023
24 қаңтарда сағат 17:10 шамасында Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін темір жол өткелінде 49 жастағы жүк тиегіш арнайы техникасы электровозбен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына жүк тиегіш, депоға электровоз қойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!