Таразда сәбилерді саудалады деген күдікпен екі медицина қызметкері ұсталды
Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, қала аумағында жүргізілген жедел-іздестіру барысында жаңа туған нәрестелерді сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: unsplash
13:24 25.01.2023
Аталған факті бойынша 2023 жылғы 12 қаңтарда ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі медицина қызметкері ұсталды.
"Бұл тұлғалар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеуі қалалық прокуратураның бақылауында", - дейді Тараз қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!