Қарағанды облысындағы кен орнында жұмысшы қаза болды
Қарағанды облысы, Шет ауданының Ақжал кентінде 24 жастағы жұмысшы кен үйіндісінің астында қалып, қайтыс болды.
Фото: Getty Images
15:12 25.01.2023
Қайғылы оқиға «Nova Цинк» ЖШС кен орнында болған. 1999 жылы туған жігіт кен үйіндісінің астында қалып қойған.
«Биылғы 25 қаңтарда кенді итермелеу бойынша жұмыс жүргізу барысында қабылдау бункерінде 1999 жылы туған жұмыскер қайтыс болды», - деп хабарлады өндіріс орнынан.
Марқұмның туған-туыстарына кәсіпорын басшылығы жерлеу рәсіміне көмек көрсететінін айтты.
Қайтыс болған жұмыскер үйленбеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!