Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
24 қаңтарда сағат 20:00 шамасында жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция департаментінің қызметкерлері облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Фото: ашық дереккөзден
15:53 25.01.2023
Ол 2018 жылдан бері Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 216-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу) қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.
Қазір ол Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында отыр. Өзбекстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!