Таразда жаңа туған сәбиді сатқан акушерлер қамауға алынды
Жамбыл облысында жаңа туған сәбиді сату фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Фото: polisia.kz
16:27 25.01.2023
Тараз қаласының прокуратурасы және Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп жедел іздестіру шараларын жүргізді. Соның нәтижесінде жаңа туған сәбиді сату фактісі анықталды.
Биылғы 12 қаңтар күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталған. Оның барысында 39 жастағы әйелдің жаңа туған қыз баланы акушерден 1,5 млн теңгеге сатып алғаны әшкере болған.
Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының 2 медициналық қызметкері ұсталып, ҚР ҚПК 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған қылмыстық істің тергелу барысы қала прокуратурасының бақылауына алынған.
Нәресте қазір Тараз қалалық сәбилер үйінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!