Доллар бағамы түсіп жатыр
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
17:06 25.01.2023
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,42 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461,41 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461,88 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 461,5 теңге, сатып алу – 465 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459,4 теңгеден болса, сатып алу – 462,4.
Ресей рублі 6,4 - 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, Қор нарығында доллар бағамы үшінші күн қатарынан арзандап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!