Елордада ашық тұрған құдыққа құлаған 25 жастағы қыз құтқарылды
Елордада мамандар ашық құдыққа құлап кеткен қызды құтқарды.
Фото: Видеодан алынған кадр/ .instagram.com/tjd_astana
10:03 26.01.2023
««112» желісіне Ұлы Дала даңғылы мен Аңырақай көшесінің бойында ашық құдыққа әйел адамның құлағаны туралы хабар келіп түсті.
Шақыру орнына жедел түрде 13 қызметкер мен 3 бірлік техникадан тұратын елордалық ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Құтқару арқанының және сатысының көмегімен құдықтан 1997 жылғы қыз шығарылды» делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!