Жақып Асанов Сенат төрағасының орынбасары болды
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасының орынбасары болып Жақып Қажманұлы Асанов сайланды.
Фото: gov.kz
11:28 26.01.2023
Жақып Қажманұлы 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Университетті бітіргеннен кейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтті. 1985-1986 жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратурада бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасының Банктер, қаржы-несие қатынастары туралы және тексеру органдарындағы заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы.
1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі. 1996-1997 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары.
1997-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі - Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, осы Басқарманың бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 2001-2002 жылдары - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.
2002-2003 жылдары - Павлодар облысының прокуроры. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі. 2005-2007 жылдары - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы атқарушы директорының орынбасары, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2006-2007 жылдары - «Ордабасы» корпорациясы» АҚ президенті және директорлар кеңесінің мүшесі. 2007-2011 жылдары - IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылы қаңтар- қыркүйек - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012-2017 жылдары ҚР Бас прокурорының орынбасары. Бас прокуроры. 2017-2022 жылдары ҚР Жоғары сотының төрағасы болған.
«Құрмет» орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен; «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасы мақұлданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!