44 сағат ішінде үш рет атыс болып, 19 адам қаза тапты
АҚШ-тың Калифорния штатында 44 сағат ішінде үш жаппай атыс болып, салдарынан 19 адам қаза тапты.
16:15 26.01.2023
Бірінші оқиға Лос-Анджелес маңындағы Монтерей саябағы маңында орын алған. Онда 20 адам қаза тапты, олардың 11-і сенбі күні Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде мерт болған. Қаскүнем би залында жүрген адамдарға тапаншадан 42 рет оқ атқан.
Билік осы оқиғаны тергеу жұмыстарын аяқтамай тұрып, дүйсенбі күні түстен кейін Калифорнияның солтүстігіндегі Халф Мун Бей ауылында тағы жеті адам атып өлтірілді. Қаза болғандар – ферманың жұмысшы иммигранттары.
Дәл осы күні Бэй шығанағы аймағындағы Окленд қаласында 50-ге жуық адам болған музыкалық бейнероликтің түсірілімі кезінде атыс болды. Бірнеше қарулы қаскөй адамдарға әртүрлі бағыттан оқ жаудырды. Оқиға салдарынан сегіз адам зардап шекті, олардың біреуі қайтыс болды, қалғандары ауруханаға жеткізілді.
2023 жылдың алғашқы апталары Америкада қанды оқиғаға толы болды.
Қаңтар айында бүкіл ел бойынша 40 жаппай атыс орын алған, онда 70-тен астам адам қаза тауып, 160-ы жарақат алды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!