{metadescription}

Сәбиді хиджама әдісімен емдеу дерегі тексеріледі - министр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сәбиді хиджама тәсілімен (ағзадан қан шығару) емдеу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Бүгінде адамдар дәстүрлі емес медицинамен айналысып жүр. Қалай болғанда да олар медициналық көмек көрсетсе, тиісті лицензияны алуы керек. Қазіргі кезде лицензияланатын медициналық қызметке хиджама жатпайды. Сондықтан Комитет (медициналық-фармацевтикалық бақылау) бұл деректі қарап, тексеру жүргізеді. Алдағы уақытта осы мәселелерді қарастыратын боламыз», - деді А. Ғиният.

Атырауда баланың бетін тіліп «емдегені» туралы ақпарат бұған дейін «НеМолчиKZ» қорының парақшасында пайда болды. Қор өкілдерінің айтуынша, процедура хиджама орталығында жүргізілген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде