Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жетісайда 15 жасар қызға үйлену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Түркістан облысында кәмелет жасына толмаған қызға үйленген ер адамға іс қозғалды, деп хабарлайды полиция.
20:05 26.01.2023
Шымкент тұрғынының кәмелетке толмаған қызын үйлену мақсатында алып қашқанын айтып Жетісай ауданының полициясына арызданды. Осыған байланысты ҚР ҚК 122-бабымен (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Анықталғандай, қыз танысына тұрмысқа шыққан. Алайда анасы келіспей, қызды жас жігіттің үйінен Шымкентке алып кеткен.
Сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Іс Түркістан облысы ПД бақылауында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram