Қазақстандық теннисші қыздар Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті
Қазақстандықтар Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің жартылай финалына өтті.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
09:32 27.01.2023
Қазақстандық жұп ширек финалда доданың 4-ракеткалары, өзбекстандық Нигина Абдураимова – тайбэйлік Ен-Шу Лангпен шеберлік байқасты.
Өзбекстандық-тайбэйлік дуэт бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Алайда екінші сетте 1:2 есебімен ұтылып жатқан сәтте матчты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Ж.Құламбаева мен Г.Айнитдинова жартылай финалға жолдама алды. Олардың келесі қарсыластары кейін анықталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!