«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшысы пара алғаны үшін ұсталды
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшысының пара алғаны анықталды.
11:22 27.01.2023
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Ерғарин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласының мамандары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшысына және оның қарамағындағы бірқатар қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Олар поездарды қабылдаушы, кассир, вагондарды тексеруші-жөндеуші және тағы басқа лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін жүйелі түрде пара бергені және алғаны үшін әшкереленген.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды» - деп жазды Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!