«Самұрық-Қазынаға» қарасты компаниялардың сатып алу шараларында заңсыздықтар анықталды – Комитет басшысы
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қуаныш Елікбаев «Самұрық-Қазына» тобына қарасты компаниялардың сатып алу шараларынан заңсыздықтар әшкерелегенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13:44 27.01.2023
Комитет төрағасының айтуынша, заңсыздық жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сатып алу шараларынан анықталған.
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының сатып алу шараларына жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сатып алу мысалында талдау жүргізілді. Біздің ойымызша, заң бұзудың орасан мөлшері әшкере болды – мысалы, Ұлттық стандарттау жүйесінің сертифакаттары болмаған, сертификаттардың сатып алынған тауарға қатысы болмай шыққан, кейде тіпті техникалық сипаттамада шетелдік фирмалар тікелей жазылған. Материалдар Үкіметке жолданды», - деді комитет басшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!