Доллар бағамы тағы төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
16:17 27.01.2023
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,88 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460, 43 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 27 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461,37 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 460,5 теңге, сатып алу – 464 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459 теңгеден болса, сатып алу – 462.
Ресей рублі 6,42 – 6,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, қор нарығында доллар бағамы бес күн қатарынан арзандап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!