Бұрынғы вице-министр Маңғыстау әкімінің бірінші орынбасары болды
Жұмабай Қарағаев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
17:04 27.01.2023
"Нұрлан Ноғаев облыс активіне кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілген әкімнің жаңа бірінші орынбасарын таныстырды. Маңғыстау облысы әкімінің жаңа бірінші орынбасары болып Жұмабай Қарағаев тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2022 жылдың қаңтарында Қаржы мониторингі агенттігі Жұмабай Қарағаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Содан кейін ол қамауға алынды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Қарағаевқа қатысты істің жабылғанын нақтылады.
"Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев пен Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары Ғалымжан Ниязовқа қатысты қылмыстық іс 2022 жылы қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Толық ақпаратты құқық қорғау органдарынан ала аласыздар", - деді әкімдік өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!